RU
Толық нұсқаға өту

Израиль мен Иран қарулы қақтығысты күшейтті

14.06.2025, 19:34 576

Израиль шабуылынан Иран бас штабының тағы 2 генералы қайтыс болды, деп хабарлайды 24kz.

Бұған дейін тағы екеуінің қазасы туралы хабарланған еді. Бұдан бөлек, ядролық бағдарламамен айналысатын жетекші 9 ғалым көз жұмған. Екі жақ бір-бірін атқылауын жалғастырып жатыр. Еврей елі кейінгі бір тәулікте Ислам республикасының аумағындағы 150 нысанды соққылғанын хабарлайды. Иран да Израильді зымырандармен және дрондармен атқылаған. Бұдан бөлек, Тегеран: «қарсы тараптың бірнеше жойғыш ұшағын атып түсірдік», - дейді.

Естеріңізде болса, 13 маусымға қараған түні Израиль Иранның ядролық бағдарламасына қарсы операциясын бастап кетті. Бұған жауап ретінде Ислам республикасы да қарсы тарапты атқылап жатыр.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz