RU
Толық нұсқаға өту

Иранда Израиль шабуылдарынан 244 адам қаза тапты

16.06.2025, 09:43 514

Иранда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 244 адамға жетті. Құрбандардың 90 пайызлан астамы – бейбіт тұрғындар. Бұл туралы парсы елі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Хоссейн Керманпурге сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады.

Жарақат алғандар саны 380 асады. Кейбірінің жағдайы ауыр. Жүздеген зымыран ұшырылып, ондаған аймаққа түскен.

Реза Сайад, Иран әскерінің ресми өкілі:

- Израильдіктер, басып алынған жерлерден тез арада кетіңіздер. Бізде қазір сіздердің тұрғылықты орындарыңыз туралы толық мәлімет бар. Біз қылмыскер режимнің сіздерді тірі қалқан ретінде пайдаланғанын қаламаймыз. Сіздерді жерасты паналау орталықтары құтқара алмайды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz