RU
Толық нұсқаға өту

Иранның Израильге шабуылынан 24 адам қаза болды

16.06.2025, 19:30 416

Иранның Израильге шабуылынан қаза тапқандар саны 24-ке жетті. Тағы 500-ден аса тұрғын жарақат алған. Қазір Израиль қалаларында дабыл сиреналарына дамыл жоқ.

Иран жүздеген баллистикалық зымыранды тоқтаусыз жаудырып жатыр. Бірақ солардың тек 30-ы ғана еврей елінің аумағына құлаған. Израильдің әуе қорғаныс жүйесі қалғандарын көкте қағып түсірген. Сондай-ақ премьер-министр Биньямин Нетаньяху Иранның зымыран ату қондырғыларының үштен бір бөлігі жойылғанын мәлімдеді.

Биньмин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Израиль әуе күштері Тегеран аспанын бақылауға алды. Бұл әскери операцияның бағытын өзгерткен сәт. Біз ядролық қауіптен құтылу және зымыран қаупін жою бойынша екі негізгі мақсатымызға жетейін деп қалдық.

 

Израильдің Иранға шабуылынан 400 адам қаза болды

Иранда Израиль шабуылынан қаза тапқандар саны 400-ден асты. Сондай-ақ Тегеран тыңшылық жасаған үшін бір адамды өлім жазасына кесті. Ресми дерек бойынша Исмаил Фикри Израильдің арнайы қызметімен байланыс орнатып, құпия нысандар мен адамдар туралы мәлімет берген. Бірақ оның Израильмен нақты қашан байланыс орнатқаны және қандай мәліметті беріп үлгергені белгісіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz