Еуроодақ елдері болса Иран-Израиль қақтығысына қатты алаңдап отыр. Құрлықтың ресми ұстанымы – халықаралық құқық қағидаларын сақтап, ядролық қауіптің алдын алу. Әсіресе бейбіт тұрғындар мен ядролық инфрақұрылымға бағытталған шабуылдарды дереу арада тоқтатуға шақырып жатыр. Испанияның билігі не дейді? Қақтығысты тоқтату үшін қандай шешім ұсынады?
Испания – Палестинаны егемен ел ретінде мойындаған мемлекет. Қазір Испания мен Израильдің қарым-қатынасы қандай?
Аида Қыдырбай, тілші:
- Испания билігі бірінші кезекте, әрине, диалог пен дипломатиялық жолды қолдайды. Бір жыл бұрын Палестинаны егемен мемлекет ретінде мойындаған Испания қандай да бір тарапқа ашық көмектесіп отырған жоқ. Керісінше, Израиль мен Иранға бірдей гуманитарлық құқықты сақтау, бейбіт тұрғындар үшін көмек пен дәліз ашуды қалайды. Испания да Франция, Ұлыбритания және Германия елдері сияқты Иранды ядролық келіссөздерге қайта шақырып, ядролық қарудан бас тартуға үндейді. Испанияның өз ішінде бұл үндеуді «Еуроодақ деңгейінде жасалатын дипломатиялық қысымның бір бөлігі», – деп сынайтындар бар.
Иә, Испанияның Израильмен қарым-қатынасы Газадағы қақтығысқа байланысты күрделенді десем болады. Осыған байланысты биыл Испания Израильмен құны 300 миллион еуро көлеміндегі қару жарақ келісімін тоқтатты. Бұл екі мыңға жуық зымыранға арналған құжат еді. Жалпы бүгінде екі ел арасында қару саудасы толығымен тоқтатылды. Шешім Газа секторындағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына байланысты қабылданды. Бірнеше саяси партия Санчестің бұл саясатына қарсы шықты, бірақ ресми Испания халықаралық құқық талаптарын сақтау саясатын үнемі алға тартады. Қазіргі күні Испан билігі азаматтардың Иран мен Израильге жоспарланған сапарын уақытша тоқтатуға шақырды және қажет болған жағдайда өз азаматтарын эвакуациялауға дайын екенін мәлімдеді.
Тегтер #Израиль Иран #қақтығыс #Еуроодақ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz