RU
Толық нұсқаға өту

Тегеранда үрей күшейді

18.06.2025, 19:43 452

Тегеранда Президент Дональд Трамптың ескертуінен кейін үрей күшейді.

Иран халқы онсыз да Израильдің әуе шабуылына ұшырап жатыр. Қазір көшелер бос. Бейсауат жүрген адам жоқ. Тегеран - Таяу Шығыстағы ең ірі қалалардың бірі. Мұнда бүкіл Израиль жұртының санына тең халық тұрады.

Израильде қалғандар Кипрге эвакуацияланды

Иранның әуе шабуылына байланысты Израиль әуе кеңістігі жабық. Салдарынан мыңдаған адам діттеген жеріне жете алмай, осы елде қаңтарылып қалған. Солардың бір бөлігі бүгін круиз кемесімен Кипрге жеткізілді.

БЛИЦ

- Дабылды естігенде, қалай әрекет етуді түсінбей қалдым. Израильде тұратындар үшін бұл үйреншікті дүние сияқты. Олар өте сабырлы болды.

- Кипрге аман-есен жеткеніме қуанып тұрмын. Израильдегі жағдай өте қиын. Бірнеше күн бойы көз ілмедік. Барлығымыз шаршадық. Кипрге келіп, жеңілдеген сияқтымын.

- Бізді құтқарғаны үшін алғысым шексіз. Қазір әлемде қиян-кескі шайқастың ортасында өлместің күнін кешіп жатқан адам қаншама? Израильде болғанда Газа секторында, Иранда, Сирия халқының халін жақсы түсіндім.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz