Израиль Газа секторындағы Хан-Юнис қаласын атқылап, 22 адам қаза апты.
Құрбандардың екеуі – бала. Тағы 90-ға жуық палестиналық зардап шеккен. Бұл туралы The Associated Press агенттігі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып хабарлады. Олардың айтуынша, еврей әскері түнде тұрғындар ұйықтап жатқан кезде соққы жасаған. Газа секторының Денсаулық сақтау министрлігі келтірген мәліметке қарағанда, кейінгі тәулікте Израильдің атқылауынан 150-ге жуық адам қаза тапты. 600-ге жуық адам жарақат алған. Гуманитарлық ахуал күн санап ушығып барады.
Тегтер #Газа секторы #Израиль әскері #шабуыл #гуманитарлық ахуал
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz