Әлем елдері Иран мен Израильдегі азаматтарын шұғыл көшіріп жатыр. Олардың қатарында Польша, Франция, Оңтүстік Корея бар.
Ал Жапония тұрғындарын Шығыс Африкадағы Джибути арқылы эвакуацияламақ. Бұл үшін екі бірдей әскери-көлік ұшағын аттандырған. Токионың дерегі бойынша Иран мен Израильде 1300-ге жуық азаматы бар. Қытай болса мыңнан аса адамын Мысырдың шекарасы арқылы көшірген. Сондай-ақ Бейжің АҚШ-тың Таяу Шығыстағы шиеленіске араласу туралы жоспарына қатысты алаңдаушылық білдірді.
Го Цзякунь, ҚХР СІМ ресми өкілі:
- Таяу Шығыстағы ахуал кез келген уақытта бақылаудан шығып кетуі мүмкін. Қытай БҰҰ жарғысының қағидаттарына қайшы әрекеттерді қолдамайды. Халықаралық қауымдастық, соның ішінде алпауыт мемлекеттер мәселені бейбіт жолмен шешуге атсалысуы керек. Мұның соңы үлкен апатқа әкелмей тұрғанда қақтығысты тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет.
Тегтер #әлем елдері #Израиль Иран #эвакуация #Жапония #Қытай #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz