RU
Толық нұсқаға өту

БҰҰ Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдаулы

20.06.2025, 09:00 376

Израильдің Ирандағы ядролық нысандарға соққы жасауы экологиялық апатқа әкелуі мүмкін.

Бұдан ең алдымен, бейбіт халық жапа шегеді. Біріккен Ұлттар Ұйымы осыған алаңдайды. Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың орынбасары Нада Әл-Нашиф екі елді ақылға келіп, қарулы қақтығысты дереу тоқтатуға мәселені сабырмен шешуге шақырды. Қазірдің өзінде, Израиль шабуылынан Тегеран тұрғындарының көбі үйлерін тастап кетіп жатыр. 

Нада әл-Нашиф, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссардың орынбасары:

- Израиль әскері халық тығыз қоныстанған аудандарды атқылады. Құрбандар арасында бейбіт тұрғындар көп. Екі жақ та халықаралық құқық талаптарын толықтай орындауға тиіс. Ең алдымен, қарапайым халықтың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі қажет. Тараптарға ықпал ете алатын елдер Израиль мен Иран арасында келіссөз ұйымдастыруға күш салуы керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz