RU
Толық нұсқаға өту

Аббас Аракчи: Иран соққылар тоқтамайынша бітім туралы келіссөз жүргізбейді

20.06.2025, 20:56 509

Иран Израильдің шабуылдары тоқтамайынша ешқандай келіссөз жүргізбейді.

Парсы елінің Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи осылай деп мәлімдеді. Ол әсіресе, АҚШ-пен келісімге келуге ниетті емес екенін жеткізді. Айтуынша, америкалықтар бірнеше мәрте ортақ шешімге келуге шақырған. Бірақ Аракчи: «Қазіргідей мемлекет аумағын бомбалау жағдайында, ядролық бағдарламамызды ешкіммен талқылауға құлықты емеспіз», - дейді.

Аббас Аракчи, Иран сыртқы істер министрі:

- Олар Иранды тоқтаусыз атқылаудан кейін бағындырып аламыз деп ойлады. Бірақ бұл құр бекершілік. Қарсылық танытуымыздың нәтижесінде біраз ел Израильдің басқыншылық саясатын түсініп, одан алшақтайды деп сенемін. Бара-бара соғысты тоқтату туралы үндеулер жиілей түседі. Қалай болғанда да, біз өз дегенімізден қайтпаймыз. Қылмысқа қатысы бар Америкамен келіссөз жүргізбейміз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz