RU
Толық нұсқаға өту

Ресей мен Украина кезекті рет тұтқын алмасты

21.06.2025, 09:10 487

Ресей мен Украина тағы да тұтқын алмасты. Мәскеу бір топ ресейлік әскери қызметкерді кері қайтарды. Ал Киев Украин сарбазын қабылдады. Бірақ олардың нақты саны туралы мәлімет жоқ.Ақпаратты Ресей Қорғаныс министрлігі мен Украина президенті Владимир Зеленский растады.

Еске салайық, 2 маусым күні Ыстанбұлда өткен кездесуде тұтқын алмасуға қатысты келісім жасалды. Соған сәйкес ауыр жараланған әрі жағдайы нашар науқастар мен 25 жастан аспаған тұтқындарды айырбастау көзделген. Сондай-ақ Мәскеу біржақты тәртіппен Киевке қаза тапқан 6 мың украин сарбазының мәйітін қайтаруға уәде берген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz