RU
Толық нұсқаға өту

Испанияда қоқысты сұрыптау ісі жетілдіріліп жатыр

21.06.2025, 09:41 381

Испанияда тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша жаңа ережелер енгізіліп жатыр. Сәуір айынан бастап 5 мың тұрғыны бар шағын ауылдарда қоқыс жинау бойынша қосымша салық енгізілді.

Сұрыпталатын қоқыс контейнерлері көбейтіліп, кей қалаларда жеке кодпен ашылатын «ақылды жәшіктер» қойылды. Сондай-ақ өткізген шөлмекке ақша төлейтін аппараттар көптеп орнатылып жатыр. Бұл тұрғындардың жауапкершілігін арттыру үшін қолға алынған. Дегенмен Испанияда қоқысты сұрыптау көрсеткіштері әлі де төмен. Дерекке сүйенсек, елде қалдықтың 40% қайта өңделіп, ал 52% полигондарға көміледі екен.

Пабло, Валенсия қаласының тұрғыны:

- Мен мемлекеттік қызметкермін. Жақында Испания тұрғындарының шамамен 80%-і қоқысты сұрыптамай тастай салады деген ақпаратты оқып, қатты налыдым. Жеке басым, қоқысты жылдар бойы сұрыптаймын. Ең құрымағанда пластик, қағаз және тамақты бөліп тастауымыз қажет.

Хуан, Вьелья қаласының тұрғыны:

- Міне, көріп тұрсыз, мына жерде контейнердің 4 түрі және жалпы қоқысты тастайтын жәшіктің 5 түрі тұр. Бізде күн ыстық, қоқысты сұрыптамай тастауға болмайды. Иісі шығып, айналаға тез тарайды. Сондықтан жауапкершілігі аз адамдарға қосымша жазалау шарасын енгізу қажет деп ойлаймын. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz