RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Таяу Шығысқа бомбалаушы ұшақ аттандырды

21.06.2025, 19:00 556

АҚШ Би-2 ((B-2)) бомбалаушы ұшақты Таяу Шығысқа қарай аттандырды.

Бұл Ю-кей Дифенс джорнал ((UK Defence Journal)) басылымының дерегі. Келтірілген мәліметке қарағанда, Миссури штатынан көкке көтерілген ұшақ Үнді мұхитындағы әскери базаға бет алды. Онымен бірге селбесіп, 8 жанармай құюшы ұшақ шыққан. B-2 бомбалаушы ұшағы - жердің астындағысын тып-тыйпыл ететін ядролық қаруды таси алатын жалғыз ұшақ. Ал Ирандағы тау ішіне салынған "Фордоу" уран байыту кәсіпорыны 90 метр тереңдікте орналасқан. Осыған дейін Құрама Штаттар Иранның оңтүстігі мен батысын қамтитын аймаққа радарда көрінбейтін жойғыш ұшақтардың бірнеше тобы мен ұшақ тасушы кемелерді орналастарған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz