АҚШ Иранды бомбалады. Бұны жаңа ғана Дональд Трамп Ақ үйден мәлімдеді.
Бірер сағат бұрын АҚШ әуе күштері Ирандағы бірнеше ядролық нысанға жойқын соққы жасағанын растады. Президент Трамп бұл шабуылды «стратегиялық және алдын ала ескертілген қадам» деп сипаттады.
Дональд Трам, АҚШ Президенті:
- Біздің мақсатымыз – Иранның ядролық байыту мүмкіндігін жойып, ядролық қауіптің алдын алу болды. Бүгін түнде әуе соққылары – әскери тұрғыда керемет жетістікке жетті. Иранның басты ядролық байыту нысандары толығымен жойылды. Иран енді бейбітшілікке келуі керек. Егер олай болмаса, келесі соққылар бұдан да жойқын болады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #АҚШ #Иран #соққыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz