Үндістан Пәкістанмен суды бірлесіп пайдалану туралы келісімді қайта жандандырмайды.
Мұны осы елдің Сыртқы істер министрі Амит Шах The Times of India басылымына берген сұхбатында мәлім етті. Оның айтуынша, Нью-Дели өзеннен канал тартып, суды Раджастхан штатына қарай бұрады. Ал Исламабад болса, Үндістан су беруді одан әрі шектесе, елді қуаңшылық жайлайды деп отыр. Екі ел тіршілік нәрін бірлесіп пайдалану бойынша келісімге 1960 жылы қол жеткізген. Алайда 2 ай бұрын Кашмирде болған лаңкестік әрекеттен кейін Үндістан құжаттың күшін жойған еді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Үндістан #Пәкістан #су мәселесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz