RU
Толық нұсқаға өту

BBC: Иран АҚШ шабуылына алдын ала дайын болды

22.06.2025, 11:13 611

Иран АҚШ шабуыл жасаған үш ядролық нысанды алдын ала эвакуациялаған.

Бұл туралы BBC-дің Парсы қызметі Иран радиосы хабарлады. Ақпаратқа сенсек, Тегеран АҚШ-тан шабуыл болатынын күтті. Осыған байланысты ядролық орталықтардан байытылған уран қорлары алдын ала шығарылған. Радиацияның таралу қаупі жоқ. Осыған қарамастан, Иранның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі ядролық өнеркәсіпті дамытуды тоқтатпайтынын мәлімдеді. Айта кеткен жөн, кеше Иран ядролық бағдарламасы бойынша АҚШ-пен келіссөз жүргізуге дайын екенін мәлімдеген еді. Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Ыстанбұлдағы Ислам Ынтымақтастығы ұйымының жиынында дипломатиялық диалогқа оралу үшін Израиль басқыншылық әрекетін тоқтатуға тиіс деп айтты. Алайда АҚШ пен Израиль бұған жауап қайтарған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz