Елдің Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға байлланысты мәлімдеме жасады.
«АҚШ пен Иран арасындағы әскери шиеленіс халықаралық жағдайдың күрт нашарлауына әкеп соқты. Оның салдары әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер туғызуда. Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді Біріккен Ұлттар ұйымы Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды», - делінген хабарламада. Министрлік барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #СІМ #Таяу Шығыс
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz