Иран парламенті Ормуз бұғазын жабу бастамасын қолдап отыр. Бұл АҚШ-тың ядролық нысандарға жасалған соққысына байланысты қабылданған шешім. Барлық депутат бірауыздан қолдады. Енді соңғы шешімді Иранның ұлттық қауіпсіздігінің Жоғары кеңесі қабылдайды.
Ормуз бұғазы жабылса, жаһандық мұнай тасымалының 20%-і бұғатталуы мүмкін. Сарапшылар күніне осы бағыт арқылы 20 млн баррель қара алтын тасымалданатынын айтады. Яғни нарық күніне Парсы шығанағы мен Ираннан келетін 5 млн баррель мұнайдан айырылады. Салдарынан мұнай бағасы одан әрі шарықтауы мүмкін.
Тегтер #Ормуз бұғазы #Иран #АҚШ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz