АҚШ-тың Иранға жасаған соққыларынан кейін мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін.
Bloomberg сарапшылары осылай деп болжап отыр. Енді қара алтынның құны Вашингтон мен Тегеранның алдағы әрекеттеріне байланысты құбылып отырады. Сәйкесінше мұнай бағасы шарықтай береді. Себебі Иран мұнай тасымалдайтын маңызды қақпа Ормуз бұғазын жабуға тырысады. Ал бұл жаһандық экономикаға соққы. «Әлемде баға ғана емес, логистикалық дағдарыс ушығуы мүмкін»,- дейді сарапшылар.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #доллар #АҚШ #соғысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz