Елдің бірнеше аймағында әуе дабылы іске қосылды.
Бұл - АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған соққысынан кейінгі екінші шабуыл. Соңғы бір тәулікте Иран Тель-Авив, сондай-ақ елдің орталығындағы Нес-Цион және Хайфа қалаларын бомбалады. Бүлінген ғимарат көп. Қаза тапқандар туралы әзірге мәлімет жоқ.
Влад Соколов, CGTN тілшісі:
- Мен қазір Израильдегі Тель-Авивтің маңындағы Нес-Цион қаласында тұрмын. Зымыран әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін тесіп өтіп, дәл осы жерге құлады. Көріп тұрғандарыңыздай, үйлер күл-талқан болды. Балалар жылап, адамдардың есі шығып кетті. Терезелердің әйнектері сынды. Осыдан-ақ жарылыстың салдары қандай ауыр болғанын бағамдай беруге болады.
Ал Израильдің әуе күштері Иран астанасы Тегеранды атқылады. Шаһардың қақ ортасында жойқын жарылыс болды. Десе де жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары Иран әуе қорғаныс жүйесі бірнеше зымыранды атып түсіргенін хабарлады. Айта кетейік, қарулы операция басталғалы Иранда 640-қа жуық адам қаза болса, Израильде 24 бейбіт тұрғынның өмірі қиылды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #ИзраильPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz