RU
Толық нұсқаға өту

Гаагада НАТО саммиті өтеді

23.06.2025, 21:12 370

24 маусымда, яғни ертең Гаагада НАТО саммиті өтеді.

Нидерланд астанасындағы жиынға Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше 32 елдің басшылары қатыспақ. Күн тәртібінде қаралатын басты тақырып: қорғаныс саласын қаржыландыруды арттыру. Яғни НАТО елдері қауіпсіздікті қамтамасыз ету шығынын 2035 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің 5 пайызына дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Алайда саммитке Жапония мен Оңтүстік Корея басшылары қатыспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ Президенті Дональд Трамп қатыса ма жоқ па, ол да белгісіз.  Шара қарсаңында Гаагада қауіпсіздік мейлінше күшейтілді. 27 мың полиция қызметкері мен 10 мың әскери көшелерді күзетіп жүр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz