Иран Израильге тағы да зымыран жаудырды. Бұл жолы зымыран еврей әскерінің әуе қорғаныс жүйесін тесіп өтіп, елдің оңтүстігіндегі Беэр-Шева қаласында тұрғын үйге түскен. Жергілікті мемлекеттік телеарналардың мәліметі бойынша бірнеше адам жараланған. Тель-Авив пен Иерусалимде де әуе дабылы іске қосылды. Билік тұрғындарға жер асты паналау орындарына жасырынуды ескертті.
Израиль Иранның ракеталар қоймасын атқылады
Ал Израиль армиясы бірер сағат бұрын Иранға қарсы ең ауқымды шабуылын аяқтағанын жариялады. Еврей әуе күштері Тегерандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының жерасты әскери нысанын бомбалады. Тель-Авив мұнда зымырандар жасырылған деп хабарлады. Қаза тапқандар туралы әзірге мәлімет жоқ.
Тегтер #Израиль Иран #зымыран #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz