«Иран да, Израиль де оқ атпау режимін бұзды».
АҚШ президенті Дональд Трамп Гаагадағы НАТО саммитіне аттанар алдында кіжіне сөйлеп, мәлімдеме жасаған. Сондай-ақ Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында "Иран ядролық нысандарын енді ешқашан салмайды. Израиль Иранға шабуыл жасағалы жатқан жоқ. Олардың барлық ұшағы Иранға достық қолын бұлғап, үйіне қайтады. Бітім өз нәтижесін беріп жатыр" деп жазды.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Оқ атпау режимін Иран да, Израиль де бұзды. Өз басым Израильге разы емеспін. Иранға да. Бұл екі ел ұзақ уақыттан бері бір-бірімен қатты қырқысып келеді. Өздері не істеп жүргенін білмейді.
Тегтер #Израиль Иран #Трамп #ядролық нысандар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz