RU
Толық нұсқаға өту

НАТО саммиті қарсаңында Гаагада қауіпсіздік күшейтілді

24.06.2025, 21:00 351

НАТО саммиті қарсаңында Гаагада қауіпсіздік күшейді.

Бұл іске 27 мың полиция мен 10 мың сарбаз тартылған. Сондай-ақ әскери кемелер Солтүстік теңіз аумағын да күзетеді. Саммит өтетін орынның айналасы 5 шақырым радиуста қоршалған. Гаагадан 16 шақырым радиуста ұшуға толық тыйым салынып, жүк тасымалдауға шектеу қойылды. Қаланың көптеген ауданында темір шарбақтар қойылып, жолдар жабылған. Бүгін басталатын саммит 2 күнге созылады. Басты тақырып: НАТО-ға мүше елдердің қорғанысқа бөлетін қаржы көлемін арттыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz