АҚШ Президенті Дональд Трампқа импичмент жарияланбайды, деп хабарлайды 24kz.
Себебі, Конгресс бұл туралы қарарды қабылдамай тастады. Осы бастаманы көтерген демократ Эл Грин: «Ақ үй басшысының Иранның ядролық нысандарына соққы жасау туралы шешімі заңсыз», - дейді. Өйткені Конституцияға сай Америкада қарулы операция бастау үшін алдымен Конгресстің келісімі қажет. Яғни, Президент өз бетінше шешім қабылдаған. Сарапшылар: «Конгрестің екі палатасында да республикашылардың, яғни, президент Трамп жақтастарының ықпалы күшті. Ақ үй басшысына импичмент жариялануы екіталай», - деп отыр.
Тегтер #сарапшылар #АҚШ #Дональд Трамп #импичментPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz