RU
Толық нұсқаға өту

Иран Атом энергиясы жөніндегі агенттікпен ынтамақтастықты тоқтатады

25.06.2025, 19:45 389

Иран парламенті Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ынтымақтастықты тоқтату туралы заң жобасын қабылдады. Оған сай енді ұйым Ислам Республикасындағы ядролық нысандарға инспекция жүргізу құқығынан айырылады. Тексеру жұмыстары елдің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғары кеңесі рұқсат бергеннен кейін ғана іске асырылуы мүмкін.

Иран билігі халықаралық агенттікті «АҚШ-тың шабуылдары кезінде үнсіз қалды», – деп айыптап отыр. Себебі Израиль мен АҚШ-тың соққыларына дейін бұл нысандардың бәрі осы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің бақылауы мен қорғауында болған.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz