"Иран Израильмен 12 күндік соғыста жеңіске жетті."
Ливандағы "Хезболла" әскери ұйымының жақтастары осындай ұранмен Бейруттегі Иран елшілігінің жанында шеру өткізді. Белсенділер "Біз Иранмен 40 жылдан біргеміз әрі мәңгілік қолдаймыз" деп ұрандатты.
Жиналғандар Иранның туы мен рухани көсемі, аятолла Әли Хаменеидің суретін ұстап алған. Осының алдында парсы президенті Масуд Пезешкиан "Иран Израильмен соғыста үлкен жеңіске жетті деп мәлімдеген еді. Шерушілер арасында әйелдер де көп.
Шадия Зрейх, жергілікті тұрғын:
"Біз Иран халқын, Саид Әли Хаменейді қолдаймыз. Олар бүкіл жауынан үстем болып, әркез жеңіске жете берсін. Соңғы деміміз қалғанша Иранға адал боламыз".
Тегтер #Израиль Иран #жеңіс #24KZ #ХезболлаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz