RU
Толық нұсқаға өту

Нетаньяху: Израильдің жеңісі келісімге жол ашады

27.06.2025, 07:20 427

Иранға қарсы жеңіс Израиль үшін жаңа бейбіт келісімдерге жол ашады. Тель-Авив премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Израиль бұл мүмкіндікті жібермей, осы бағытта жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ Нетаньяху Израильдің көздегені Газа секторындағы тұтқындарды босатып, ХАМАС-ты жеңу екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда Израильдің Иран мен ХАМАС-қа қарсы операциясы әскери ғана емес, дипломатиялық қадамды талап етеді. Сондықтан бейбіт келісімдерді дамыту үшін жедел әрі тиімді жұмыс істеу өте маңызды.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

- Біз Иранмен атыс нәтижесінде үлкен жеңіске қол жеткіздік. Бұл жеңіс бейбіт келісімді радикалды түрде кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Бір күнді де жоғалтпауымыз керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz