Газа секторында нәрестелер жейтін тамақ қалмады. Шала туған балаларға қажетті арнайы қоспалар да таусылған. Қазір Насер ауруханасында осындай 500-ден астам сәби бар. Аймақтағы гуманитарлық дағдарыс жағдайды одан сайын қиындатып жіберді.
Кейінгі апталарда аймаққа тек 20 жәшік балалар тағамы жеткізілді. Дәрігерлер: «Бұл жеткіліксіз», – дейді. Медицина қызметкерлері халықаралық қауымдастықтан дереу шара қабылдауды сұрады. Израиль кейінгі айда Газаға 1 тоннадан астам балаларға арналған тағам жеткізілгенін мәлімдеді.
Тегтер #Газа секторы #нәрестелер #гуманитарлық дағдарыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz