«Әр елдің салты басқа» дегендей, әр елдегі көлікке салынатын салық түрі де сан алуан.
Мәселен, көршілес Қырғызстанда көлік салығы алымға ауыстырылған. Ал Ұлыбританияда көнелеу көлікке салық мүлде салынбайды, Ирландияда арнайы жеңілдік бар.
Қырғызстанда биылдан бастап көлік салығы алынып тастап, оның орнына жаңа көлік төлемі енгізілді. Құйылған жанармай немесе дизель отыны үшін әр литріне 1 сомнан алынады. Бұған "Кім көп жүрсе, сол көбірек төлейді" деген қағида негіз болған. Елдің көлік министрлігі жолдарды жөндеуге 10 миллиард сом керек дейді. Көлік төлемінен түскен қаржы осы бағытқа жұмсалмақ.
Алмамбет Шыкмаматов, Қырғызстан қаржы министрлігі жанындағы салық қызметінің төрағасы:
- Көлік салығынан түскен кіріс жолдардың сапасын жақсартуға жұмсалу керек. Бірақ ол жергілікті бюджетке түсіп, кейін мүлдем басқа мақсатқа жаратылып отырған. Ал жанармай алымы тікелей көлік министрлігіне, соның ішінде жол қорына аударылады.
Британияда ескі көліктер салықтан босатылған
YOUTUBE.COM/CLASSIC SPOTTER
Ұлыбританияда тіркелгеніне 40 жыл болған көліктер салықтан босатылған. Тиісті ереже биыл 2 сәуірде күшіне енген. Тек арнайы мекемеге өтініш жазу керек. Бірақ көне көлік жалға берілетін такси ретінде немесе сауда және бизнес үшін коммерциялық мақсатта болса салық салынады.
Ирландияда ескі көлікке салық жеңілдігі бар
YOUTUBE.COM/CARZONE
Мұндай жеңілдік Британиямен көршілес Ирландияда да бар. Онда салық алынып тасталмаған. Тек ескі көлік иесі жылына 56 фунт стерлинг қана төлейді. Бұл шамамен 35 мың теңге. Көліктің жасы 30 жылдан асуы және коммерциялық емес, жеке мақсатта пайдаланылуы керек.
Ернат Рахметолла
Тегтер #көлік салығы #әлем #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz