Германия билігі америкалық Apple және Google компанияларынан қытайлық DeepSeek қосымшасын бұғаттауды талап етті. Бұл туралы Берлин қаласының мәліметтер қорғау жөніндегі комиссары Майке Камп мәлімдеді. Оның айтуынша, DeepSeek өзіне тіркелген қолданушылардың дерегін Қытай үкіметіне береді. Бұл Еуропа заңнамасына қайшы әрекет.
Бұған дейін DeepSeek Германия тұрғындарының жеке мәліметі Еуроодақ стандартына сай қорғалды дегенді дәлелдеп бере алмаған. Қытай қосымшасын Италия бұғаттап, Нидерланд DeepSeek-ті үкімет құрылымдарында қолдануға тыйым салды.
Тегтер #Германия #DeepSeek #жасанды интеллект #24KZ #ҚытайPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz