Иран уран байытуды қайта бастай алады. Бұл туралы Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бас директоры Рафаэль Гросси мәлімдеді.
Оның айтуынша, АҚШ-тың Иранның ядролық нысандарын толық жойғанына қарамастан Тегеранда өндірістік әрі технологиялық мүмкіндіктері сақталған. Сол себепті Гросси Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселені қайта қарап, келіссөз жүргізге шақырды.
Еске салайық, 13 маусымда Израиль Ислам Республикасы атом қаруын жасауға жақын қалды деген қауіппен Иранға қарсы әскери-әуе операциясын бастады. Тегеран қарымта қайтарды. Араға АҚШ түсіп, Исфахан, Фордо және Натанздағы үш ирандық ядролық нысанға соққы жасады. Сол кезде Дональд Трамп барлық ядролық нысандардың жойылғанын мәлімдеді.
Тегтер #МАГАТЭ #Иран #уран қоры #ядролық бағдарлама #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz