Миллиардер Джефф Безостың Blue Origin компаниясы ғарышқа 6 турист аттандарды. Ерекше жолаушылар арасында заңгерлер, бизнесмендер мен филантроптар бар. Олар Техас штатындағы Ван-Хорне қаласында көкке самғады. Змыран тасығыш ауа қабатынан әрі қарай 105 шақырым көтерілген. Саяхатшылар орбитадан жер шарына қарап, салмақсыздық жағдайын бастан кешірді. Ғарыш сапары 10 минутқа созылған. Сосын капсула жер бетіне сәтті қонды.
Айта кетейік, бұл Blue Origin-нің 2022 жылдан бергі 13-ші ғарышқа ұшуы. Осы аралықта 64 адам аспанға саяхаттады.
Тегтер #Blue Origin #ғарыш #туристер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz