«Форбс» журналы өз бетінше байыған әлемдегі ең дәулетті 50 әйелдің тізімін жариялады.
Рейтингте АҚШ-тан 18, Қытайдан 18 ханымның аты-жөні бар. Көш басында әлемдегі ең ірі кеме жүргізетін компанияның негізін қалаушы, швейцариялық Рафаэла Апонте-Диамант тұр. Негізі ол Израильдің тумасы. Рафаэланың байлығы 40 миллиард долларға жуықтайды. Екінші орынға құрылыс материалдарын жеткізуші мекеменің құрылтайшысы, америкалық Дайан Хэндрикс жайғасқан. Оның капиталы - 22 миллиард доллар. Үздік үштікке дәрі-дәрмек компаниясының басшысы, қытайлық Чжун Хуэйцзюань енген. Оның байлығы - 16 миллиард доллар. Сондай-ақ тізімде ресейлік «Уайлдбериз» ((Wildberries)) маркетплейсінің негізін қалаушы Татьяна Ким бар. ТМД-дан жалғыз әйел 18-орынға табан тіреді.
Тегтер #Forbes #әлемде #ең бай адамдар #әйел #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz