Еуропалық одақ кеңесі Ресейге қарсы экономикалық санцияларды тағы жарты жылға, яғни, 2026 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартты, деп хабарлайды 24kz.
Бұл шектеулер 2014 жылы енгізіліп, 2022 жылы кеңейтілген. Санкциялар сауда, қаржы, энергетика, технологиялар, өнеркәсіп, көлік және сән-салтанат заттарын қамтиды. Сондай-ақ Ресей мұнайы мен жекелеген «қара алтын» өнімдерін импорттауға да тыйым салынған. Ресейдің бірқатар банкі SWIFT аударым жүйесінен алынып тасталған және біраз ақпарат құралына Еуроодақ аумағында ақпарат таратуға тосқауыл қойылды. Бұдан бөлек, ресми Брюссель Ресейдің энергия көздерінен алатын табысына, банктер мен әскери өнеркәсіп саласына санкциялардың жаңа легін әзірлеп жатқанын ескертті. «Кәрі құрлық» бірлестігінің өкілдері: «Қажет болса, жазалау шаралары әлі күшеюі мүмкін», - дейді.
Тегтер #Еуроодақ #Ресей #шектеулерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz