RU
Толық нұсқаға өту

Дональд Трамп пен Илон Масктың арасы қайта ушықты

01.07.2025, 17:05 424

Дональд Трамп пен Илон Масктің арасы қайта ушықты. Бұл жолы АҚШ президенті миллиардерге: «Компанияларыңа қаржы бермеймін және өзің басқарған Мемлекеттік тиімділік департаментін тексертемін», – деп қорқытқан. Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында: «Маск мемлекет тарапынан бәрінен де көп жеңілдік алып отыр, мұндай қолдау болмаса, бизнесі жабылып, кіндік қаны тамған Оңтүстік Африка Республикасына тайып тұратын еді», – деп мысқылдады.

Осының алдында Tesla қожайыны АҚШ президенті әкімшілігін мемлекеттік бюджетке қатысты заң жобасына байланысты өткір сынға алған еді. Маск мемлекетік қарыз шегін ұлғайту және кейбір әлеуметтік бағдарламаны қысқарту туралы Трамптың бастамаларына күмән келтірген. Кәсіпкердің ойынша, аталған өзгерістер бюджет тапшылығын арттырып, америкалықтардың қаржылық жағдайын ауырлатады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz