RU
Толық нұсқаға өту

Трамп: Израиль ХАМАС тобымен 60 күндік бітімге келісті

02.07.2025, 08:00 504

Израиль Хамаспен 60 күндік бітімге келісті.

Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social желісінде мәлімдеді. Ол «бүгін Израильмен ұзақ әрі нәтижелі келіссөздердің болғанын, және «екі айлық оқ атпау туралы келісімді» енді Хамас тобы тезірек қабылдау қажеттігін» айтты. Әйтпесе жағдай тіптен ушығады деп ескертті Ақ үй басшысы. Сондай-ақ ол келісімнің іске асуында қатарлық және мысырлық тараптардың еңбек етіп жатқанын да жазды. Бұған дейін Президент Трамп келесі аптаның дүйсенбісінде Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуды Вашингтонда қабылдайтынын жеткізді. Онда Газадағы соғысты тоқтату мен сауда қатынастары сөз болмақ. Естеріңізге сала кетейік, 21 айға созылған Газадағы соғыстан 56 мыңнан аса палестиналық пен 1200-ге жуық Израиль тұрғыны қаза болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz