RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда аптап ыстықтан асфальт еріп жатыр

02.07.2025, 09:41 552

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Шанлыурфа қаласында ауа температурасы 52 градусқа дейін көтерілді.

Бұл кейінгі жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Африкадан жеткен ыстық салдарынан кейбір тұрғындар үйлерінен шыға алмай қалды. Жұрт көлеңке іздеп, жасыл желектерді сағалап жүр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, кей аудандарда асфальт еріп жатыр. Мамандар әсіресе қарттар, балалар және созылмалы ауруы бар адамдардың далаға шықпауын ескертеді. Сонымен қатар күн сәулесінен қорғайтын құралдарды пайдаланып, көп мөлшерде су ішу қажет екенін айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz