Ресейдің «Прогресс МС-29» жүк кемесі Жер орбитасынан шығып, атмосферада жанып кетті.
Кеменің қалдығы Тынық мұхитындағы кемелер қатынамайтын аймаққа құлаған. Айта кетейік, "Прогресс" ғарыш кемесі былтыр қарашада ұшырылып, орбитадағы станцияға шамамен 2,5 тонна жүк жеткізді. Оның ішінде су, азық-түлік пен ғылыми жабдықтар болды. 1 шілдеде «Прогресс МС-29» станциямен байланысын үзіп, өз сапарын ресми түрде аяқтады. Оның орнын жаңа «Прогресс МС-31» ғарыш кемесі алмастырмақ. Жаңа жүк кемесі ертең ұшырылады деп жоспарланып отыр.
Тегтер #Ресей #ғарыш кемесі #жүк кемесі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz