RU
Толық нұсқаға өту

Газа секторында жүздеген науқастың тағдыры қыл үстінде тұр

02.07.2025, 20:38 438

Өйткені солтүстіктегі ең ірі медициналық орталықтың жұмысы тұралады деп хабарлайды 24kz.

«Әл-Жазира» телеарнасының мәліметі бойынша Израиль әскерінің қоршауында қалған ауруханаға жанармай жеткізу мүмкін болмай тұр. Мұның салдарынан жансақтау бөлімдері ішінара ғана жұмыс істейді. Ал гемодиализ терапиясына тәуелді науқастардың жағдайы тіптен қиын. Себебі, диализ аппараттары толық өшіп тұр. Халықаралық ұйымдар Тель-Авивті Газа секторына гуманитарлық көмек кіргізуді тездетуге шақырды. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz