RU
Толық нұсқаға өту

Еурокомиссия басшысының басы дауға қалды

03.07.2025, 10:00 432

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен орнынан кетуі мүмкін. Politico басылымының дерегі бойынша оған румыниялық депутат Георге Пиперя сенімсіздік жариялау туралы бастаманы көтерді.

Бұған Урсула фон дер Ляйеннің 2021 жылы Pfizer фармацевтикалық компаниясына жазған хаттарын жариялаудан бас тартуы себеп болды. Сол кезде Еуропалық Одақ коронавирусқа қарсы вакциналар сатып алу туралы келіссөз жүргізген. Биыл мамырда Еурокомиссия Pfizer басшылығымен хат алмасу ісі бойынша сотта жеңілген еді. Яғни Урсула фон дер Ляйен вакциналарды сатып алуға қатысты деректерді жасырмай жариялауы тиіс болатын. Енді Еурокомиссия басшысының орнында қалу-қалмауы Еуропарламентте 10 шілде өтетін дауыс беруден кейін белгілі болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz