«Иран АҚШ-пен тікелей келіссөз жүргізуге дайын. Мұны парсы елінің билігі қалап отыр, сондықтан диалогқа кірісетін уақыт жетті». Ақ үй басшысы Дональд Трамп осылай деп мәлімдеді.
Сондай-ақ ол: «Вашингтон Тегеранға зиян келтіргісі келмейді, керісінше, оған қайтадан мықты елге айналуға септесуге әзір», - деді. Трамп бұған дейін: «Ядролық бағдарлама бойынша келіссөз жүргізуге болады», - деген еді. Бірақ Ислам республикасы: «Біздің ядролық нысандарға тағы шабуыл жасалмайтынына кепілдік керек», - деп жауап берген.
Тегтер #Дональд Трамп #Иран #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz