RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ пен Иран ядролық келіссөзді Ослода жалғастырмақ

04.07.2025, 14:29 493

АҚШ пен Иран ядролық бағдарлама бойынша келіссөзді Ослода алдағы аптада жалғастырады, деп хабарлайды 24kz.

Кездесу Құрама Штаттардың арнайы өкілі мен парсы елінің Сыртқы істер министрі арасында өтуі мүмкін. Бұл туралы өз дереккөзіне сілтеме жасаған америкалық Axios интернет-порталы хабарлады. Кездесудің қай күні өтетіні әзірге белгісіз. Басқосудың басты тақырыбы Иранның ядролық бағдарламасы болмақ. Кей болжамдар бойынша Иранда 60%-ке дейін байытылған уран қоры болуы мүмкін. Парсы елінің Сырты істер министрі Тегеран МАГАТЭ-мен ынтымақтастықты тоқтатса да, ядролық қаруды таратпау келісімін ұстанатынын мәлімдеген.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz