Венгрияда аптап басылар емес.
Ел астанасы Будапеште сынап бағанасы 35 градустан төмен түспей тұр. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қатты ыстықтан Дунай өзенінде су деңгейі төмендеп кетті. Бұл кеме қатынасын қиындатып, ауыл шаруашылығы саласына кері әсерін тигізіп жатыр. Жүк кемелері тауардың тек жартысын тасымалдауға мәжбүр. Метереологтар ауа райының күрт ысуын құрғақшылықпен байланыстырады. Бірнеше айдан бері аймаққа жаңбыр жаумаған. Өткен айдағы жауын-шашын мөлшері қалыпты көрсеткіштің тек 17%-ын құрады. Бұл елдегі 125 жылдағы ең құрғақ маусым.
Тегтер #Венгрия #құрғақшылық #климат #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz