Түркия 2053 жылға дейін көміртегі шығарындыларын жойып, Париж келісіміндегі міндеттемелерін орындауды көздейтін алғашқы Климат туралы заңын қабылдады.
Құжатқа сәйкес 81 провинцияда климаттық үйлестіру кеңестері құрылып, өңірлік стратегиялар әзірленеді. Парниктік газдарды шығаруды азайтуға тәуелсіз бақылау орнатылады. Өнеркәсіптердің ауаға зиянды қалдықтарды таратуын қысқарту жоспары бекітіліп, талапты орындамағандарға қаржылық және әкімшілік шаралар қолданылады. Заң жасыл технологияларға инвестиция тартуға және тұрақты энергияға көшуге жағдай жасайды. Дегенмен, қоғамда оған қатысты екіұдай пікір бар.
Әли Махир Башарыр, республикалық халық партиясы депутаты:
- Шын мәнінде бізге климаттық заң қажет. Бірақ ол университеттер, экобірлестіктер мен жергілікті басқару органдарының ортақ талқысы негізінде дайындалуы керек. Ал қазіргі заң климатты емес, билікке жақын бес компанияның ғана мүддесін қорғайды.
Тегтер #Түркия #климат #заңPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz