RU
Толық нұсқаға өту

Түркияда орман өрті қалаға таяп қалды

05.07.2025, 12:17 459

Түркияда орман өрті Измир қаласына жақындады.

Лаулаған жалын шаһардың шетіндегі үйлерді шарпи бастаған. Құтқарушылар тілсіз жауды қатты желдің кесірінен ауыздықтай алмай отырғандарын айтады. Табиғи апаттан жүздеген тұрғын баспанасынан айырылып, ондаған ғимарат бүлінді. Әзірге шығынның нақты көлемі белгісіз. Қауіпті аудандардан 50 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. 2 адам көз жұмды. Түркияның батысында орман өрті өткен аптада басталды. Бірнеше күннің ішінде 600-ден аса өрт ошағы тіркелді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz