Израиль Иранмен 12 күнге созылған қарулы текетіреске қатысты кей деректерді жариялаған жоқ. The Daily Telegraph басылымының дерегінше Ислам Республикасының 6 зымыраны Израильдің солтүстігі мен оңтүстігі және орталығындағы бес әскери нысанға тиген. Олардың қатарында барлау мәліметтерін жинау орталығы мен ірі әуе базасы бар. Мұны Орегон штаты университетінің мамандары жерсерік арқылы алынған деректерді талдай отырып анықтады.
12 күндік шайқас кезінде еврей елінде 40-тан аса әскери нысанға бомба түскен. Израильдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Ираннан ұшырылған зымырандардың 84%-ін қағып түсірген.
Тегтер #Израиль Иран #соққы #әуе шабуылы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz