Түркия ғылымға бет бұрды. Ел билігі шетелде жүрген түрік ғалымдарын елге қайтару үшін бұрын-соңды болмаған ауқымды бағдарлама жариялады. Енді жырақта жүрген зерттеуші кері оралса, ай сайын 4 мың еуроға жуық стипендия, отбасына әлеуметтік қолдау, тіпті ұшақ билеттерінің ақысы да ұсынылады. Бастаманы Түркияның ғылыми-техникалық зерттеулер кеңесі TÜBİTAK жүзеге асырады.
Жоба 1 қыркүйектен бастап іске қосылып, 3 жылға жалғасады. Бастапқыда 100 ғалым іріктеліп, Түркиядағы жетекші ғылыми орталықтарға жұмысқа шақырылады. Бағдарлама барлық сала өкілдеріне ашық. Экономика мен ұлттық қауіпсіздікке әсері бар жобаларға басымдық беріледі. Кейінгі жылдары Түркияда білікті мамандардың шетел асуы жиіледі. Әсіресе бұл үрдіс ақхалаттылар арасында көп. 15 мың дәрігер өзге мемлекетке кеткен. Бұған жалақының аздығы себеп.
Тегтер #Түркия #ғалымдар #ғылым #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz