RU
Толық нұсқаға өту

Сирияда орман өртеніп жатыр

06.07.2025, 17:00 443

Жағдай әсіресе елдің батыс аймағында күрделі.

Қызыл жалын егістік пен жеміс бақтарын да шарпыған. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға 100-ден астам маман мен әскери күш жұмылдырылды. Олар үш күннен бері өртті сөндіре алмай әлек. Сол себепті Түркиядан арнайы бригада көмекке келді. Оттың тез таралуына аптап пен күшті жел әсер етіп отыр. Биыл сәуір айынан бері Сирияда 3500-ден астам өрт оқиғасы тіркелді. Оған аймақты жайлаған құрғақшылық себеп.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz