RU
Толық нұсқаға өту

Иран миллиондаған ауған азаматын ел аумағынан шығаруға мәжбүр

07.07.2025, 07:10 480

Өйткені Үкіметтің елде заңсыз жүрген шетел азаматтары үшін белгілеген мерзімі аяқталды, деп хабарлайды 24kz.

«Аль-Джазира» телеарнасы осылай деп хабарлады. Олардың сөзінше, бұдан былай босқындар өз еркімен елден шықпаса, депортацияға ұшырайды. БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі келтірген мәліметке қарағанда, өткен айда 230 мыңнан астам ауған шекара асып кетті. Қазір Иранда шамамен 4 миллион ауған азаматы тұрады. Олардың көбі ондаған жылдар бойы осы елде өмір сүріп келеді. Иран үкіметі бастаманы ұлттық қауіпсіздік мақсатында жүзеге асырмақ. Ал сарапшылар болса: «Бұл қадам босқындардың қонысынан айырылып, отбасынан ажырауына әсер етеді», - дейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz