АҚШ президенті Дональд Трамп БРИКС саясатын қолдайтын елдерге қосымша 10% баж салығын енгізетінін мәлімдеді.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында ешқандай мемлекетке жеңілдік жасалмайды - деп жазды. Мұны Ақ үй басшысы Рио-де-Жанейрода ұйымның саммиті өтіп жатқан кезде жариялады. Сарапшылар: «БРИКС-тің кеңеюі мен долларға балама валюта жасауға қатысты идеясы Ақ үйдің шымбайына батты» - деп санайды. Былтыр бұл ұйымға Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр, Эфиопия және Аргентина мүше болса, биыл Индонезия кірді. Енді 40 мемлекет қосылуға ниет білдіріп отыр. Батыс елдері бұл геосаяси тепе-теңдіктің бұзылуына әкеледі деп алаңдайды.
Тегтер #Дональд Трамп #БРИКС #салық #ескерту #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz